Біз туралы

Біз кімбіз

Psiphon Inc. – Торонтода орналасқан ұйым, апта сайын 3 миллионнан астам адамға Интернеттегі мазмұнға қатынауға көмектесетін бастапқы кодтары ашық, көп платформалы бағдарламалық жасақтаманы шығарады. Біз күшіміз жететін ең жақсы бағдарламалық жасақтаманы жасауға тырысатын топпыз, жаңа өнімдерді үнемі ұсынамыз және жаһандық қоғамдастықтың артып келе жатқан талаптарына сай шығарамыз.

Басшылық тобы

Майкл Халл – Psiphon Inc. корпорациясының президенті, ол Торонто Университетінің Ұлттық зертханасында жоба ретінде басталған Psiphon компаниясымен басынан бастап бірге келе жатыр. Майкл сол кезден бастап бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуді басқарып, Psiphon өнімін алдыңғы қатарда ұстайтын инновацияны сақтауға көмектеседі.

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу

Psiphon ұйымында біз пайдаланушыларды тек жақсы қолдану тәжірибесімен қамтамасыз етеміз. Яғни, бағдарламалық жасақтама қолдануға оңай, желіміз жылдам және олардың екеуі де өте тұрақты болуы тиіс. Бұл – кез келген әзірлеуші үшін қол жеткізілуі қиын мақсат, әсіресе бағдарламалық жасақтама үнемі өзгеріп тұратын ортада және көптеген тілдер мен платформаларда жұмыс істеген кезде аса қиын.

Сонымен қатар, пайдаланушылар үшін ішкі жұмыстарды да орындау маңызды. Біз өз пайдаланушыларымызды және олардың деректерін үнемі қорғаймыз. Пайдаланушылар өздерінің құпиялығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында атқарылатын шараларды ешқашан байқамауы да мүмкін, бірақ оларды шараларды бағалайтынын бізбілеміз.

Psiphon ұйымының бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу тобы цензураны айналып өтудің ең жақсы, оңай әрі ең ашық шешімін жасауға тырысады. Сонымен қатар, біз өз тәжірибеміз дүниежүзілік пайдаланушыларды қорғайтын, күш беретін және ой-санасын азат ететін жаңа аймақтарды іздеудеміз.

Өндіріс және жарнама бөлімі

Бізде үлкен ауқымды, халықаралық кең таралымды компаниялардан бастап, тек бір елде ғана жұмыс істейтін, адам құқықтарын қорғау бойынша шағын ұйымдарға дейін түрлі компаниялармен келісімшарттар жасалған. Біздің Өндіріс және насихат бөлімі қанша адамның Psiphon қызметіне қандай тарату тәсілдері арқылы қатынайтынын көрсететін есепхаттарды жасайды. Сонымен қатар, ол бетбұрыстарды зерттеп, Интернеттегі ақпаратты еркін алмасуға кедергі бола алатын болашақ оқиғаларды бақылайды.

Серіктестіктер

Psiphon әр жерде орналасқан, Psiphon қызметін қолданатын адамдарға көмектесу мен кеңес беру мақсатында әр түрлі топтармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біздің бағдарламалық жасақтама 15 тілге аударылған және Localization Lab торабының бөлігі ретінде Transifex арқылы басқа тілдерді қосудамыз.

Бізге хабарласу

Psiphon қызметіне келесі эл. пошта мекенжайына хат жіберу арқылы хабарласуға болады:

info@psiphon.ca

Psiphon туралы ең жаңа ақпаратты алу

Хат тарату тізімдерімізге қосылыңыз: