Psiphon түпкі пайдаланушысының лицензиялық келісімі

Бұл бағдарламалық жасақтама және оған байланысты барлық зияткерлік меншік Psiphon Inc. ұйымының жеке меншігі болып табылады, ол бас кеңсесі Канада, Онтарио, Торонтода орналасқан, тіркелген Онтариолық корпорация болып табылады.

Psiphon жүйесі “бағдарламалық жасақтамадан” (бағдарлама коды және одан тараған қолданбалар) және “қызметтен” (жұмыс істеп, бүтін жүйені құрайтын клиент және сервер бағдарламалық жасақтамасы) тұрады. Psiphon бағдарламалық жасақтамасы тегін және бастапқы кодтары ашық және GNU General Public License Version 3 бойыншалицензияланған. Psiphon қызметін қолдану бұл бетте көрсетілген шарттар бойынша лицензияланған.

Psiphon қызметі тек жеке адамдар үшін және тек жеке қолдануға арналған. Егер сіз Psiphon қызметін басқа мақсаттарда қолданамын десеңіз немесе қосымша талаптарыңыз болса, біз ақылы коммерциялық қызметті ұсынамыз. Толық ақпарат алу үшін sponsor@psiphon.ca мекенжайына хат жазыңыз.

Пайдалану шарттары

Psiphon қызметін қолдану арқылы сіз оны Канаданың заңдарын немесе үшінші тараптардың құқықтарын бұзатындай ешбір тәсілмен қолданбауға келісесіз.

Жеке немесе арнайы пайдалану

Psiphon қызметін пайдалануға эксклюзивті емес жеке лицензия аясында рұқсат етілген. Psiphon қолданбасын пайдалану арқылы сіз қызметті тек жеке, коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға келісесіз. Сізге Psiphon қызметтерін коммерциялық мақсаттарда жалдау, жалға беру, қайта лицензиялау, сату, қайта сату немесе басқа да түрде таратуға (және үшінші тарапқа осыны жасауға рұқсат етуге) тыйым салынады.

Тарату

Тек Psiphon Inc. жасаған бағдарламалық жасақтама клиенттеріне ғана Psiphon қызметін қолдануға рұқсат етіледі. Үшінші тараптың клиентін немесе құралын Psiphon қызметімен бірге қолдану үшін тарату бұл лицензиялық шартты бұзу болып табылады.

Жауапкершілікті шектеу туралы мәлімдеме

The Psiphon service is provided “as is” and without warranty or expressed or implied liability of any kind. Psiphon disclaims all warranties and liabilities associated with the use of this service, including personal injury, or any incidental, special, indirect or consequential personal or commercial damages whatsoever, including loss of data and business interruption.

Үзу; Қызмет көрсету шарттарын бұзу

Psiphon өз бетінше өз шешімімен бұл лицензияны кез келген уақытта, кез келген себеппен немесе себепсіз де тоқтату құқығын өзіне қалдырады. Psiphon қызметін қолдану арқылы сіз қызмет көрсету шарттары менлизенциялық келісімді бұзатындай түрде бұл қызметті пайдаланбауға келісесіз.

Пайдаланушы ретінде сіз бұл лицензиялық келісімді кез келген уақытта Psiphon қызметінің кез келген немесе барлық бөліктерін қолдануды тоқтату және құрылғыыңыздан қолданбалардың барлық даналарын жою арқылы тоқтата аласыз.

Use of PsiCash

  1. If there is no PsiCash activity on your device for one year, then Psiphon reserves the right to cancel your PsiCash.
  2. If you lose track of your PsiCash, for example by losing your device, then you acknowledge that Psiphon will not be able to correct this mistake and restore your PsiCash.
  3. Psiphon reserves the right to change the rewards exchangeable for PsiCash at any time.